Жаңалықтар

Сарапшылар азаматтардың бірлесу бостандығы құқығын іске асырудың жаңа тетіктерін талқылады

Бүгін Қазақстандық қоғамдық даму институтының базасында қазақстандық ҮЕҰ қызметін реттеу және заңнаманы жетілдіру бойынша диалог алаңы өтті.

Талқылауға қоғамдық ұйымдардың басшылары, сарапшылар, ғалымдар, заңгерлер, оның ішінде ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков, Қазақстандық қоғамдық даму институты төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Мұрат Омашев, «Арнау» даму орталығы» ҚБ басшысы Ұлан Әбішев, сарапшылар Марат Идрышев, Жұлдызай Ысқақова, Мәриям Құсайынова қатысты.

Сарапшылар азаматтардың бірлесу бостандығы құқығын іске асырудың жаңа тетіктерін талқылады

ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтардың бірлесу бостандығы құқықтарын кеңейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Н. Серікбековтің айтуынша, бірлесу бостандығы – адамның негізгі құқықтарының бірі.

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Осыған байланысты, біз азаматтарға кем дегенде екі адамның бастамасымен қоғамдық бірлестік құру құқығын беруді ұсынамыз, бұл азаматтардың бірігуіне мүмкіндік береді», – деді Н. Серікбеков.

Заңгер Марат Идрышев азаматтардың бірігу құқығын іске асырудың халықаралық тәжірибесі зерттелгенін атап өтті. Атап айтқанда, Молдова Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер кемінде үш азаматтың бастамасы бойынша құрылады. Израильде бірлестікті құру үшін кем дегенде екі адам қатысуы керек болса, ал Германияда кем дегенде жеті адам қажет.

Талқылау аясында қатысушылар бұл норма азаматтардың бірігу құқығын тиімді іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі реттеу саясатының консультативтік құжаты әзірленді. Құжат жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button