Сарапшылар бағаны

Референдум – халық таңдауы

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев:

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу қажеттігін атап өтті. Демек референдум арқылы реформалардың барлығы халықтың таңдауына ұсынылатын болады. Референдум дегеніміз – демократияның бір көрінісі.

Соңғы ұсынылып жатқан өзгерістерге сәйкес аудандық, қалалық мәслихаттар азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша сайланады. Облыстық мәслихаттар 50%-ы – партиялық, 50%-ы можаритарлық жүйе бойынша сайланады.

Алдағы уақытта облыс әкімдері жанама сайлау бойынша таңдалады. Яғни, сол облыстан кемі екі кандидат ұсынылып, мәслихат депутаттарының дауыс беруімен шешіледі. Сонымен қатар Конституциялық сот құрылады. Конституциялық құқығым бұзылды деген кез келген азамат аталған сотқа шағымдана алады. Адам құқықтары жөніндегі өкілдің құзыреттері де Конституцияда белгіленеді.

Мұның бәрі де оң өзгерістер деп санаймын. Өзгерістердің басында партия құратын азаматтар үшін де көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр. Атап айтсақ, партия құру үшін 5000 азаматтың қолын жинау жеткілікті. Ал партияның парламентке өту шегі 7%-дан 5%-ға түсірілді. Мәжіліс 70% партиялық тізім, 30% мажориталық жүйе бойынша сайланады. Бұл жаңа саяси партия құрамын деген азаматтар үшін үлкен жеңілдік болмақ.

Меніңше, референдум арқылы халықтың пікірімен санасу – дұрыс бағыт. Себебі халқымызбен ақылдасып, әр азаматтың пікірін ескеру арқылы ғана «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button