Жаңалықтар

Қазақстандық қоғамдық даму институты мен отбасылық тәрбие институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты мен отбасылық тәрбие институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Іс-шараға ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, «Отбасылық тәрбие институты» ЖШС Бас директоры Софья Евдокимова, ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева, «Отбасылық тәрбие институты» ЖШС құрылтайшысы Владимир Евдокимов пен директоры Любовь Набитовская қатысты.

Меморандум аясында отбасылық саясат саласында бірлесіп зерттеулер жүргізу, ата-аналар мен педагогтарға балаларды тәрбиелеу бойынша әдістемелік құралдар дайындау, ата-аналарды оқыту бойынша онлайн-курстар әзірлеу, сондай-ақ республикалық ата-аналар конференцияларын өткізу жоспарлануда.

Тараптар ынтымақтастықтың екі тарап үшін де жемісті болатынына сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button