Сарапшылар бағаны

Кибербуллинг. Қандай да бір сөз бостандығын шектеу деп әсірелеудің керегі жоқ

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазыбек Майгелдинов:

Журналистер кері ақпарат  беруге мүдделі емес. Олар керісінше, еліміздегі заңдандыру мәселелеріне ден қояды. Сондықтан БАҚ өкілдері қорықпау керек деп ойлаймын. Заң сырт елдердегі кері топтардың әрекетіне қарсы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда цифрлық қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, әлеуметтік желідегі балалар арасында тек кибербуллингтен емес, басқа да теріс бағыттар белең алып келе жатыр. Жалпы, заңды қарастыру барысында әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі қаралған болатын. Алайда, бұл заңға Сенат өз ұсыныстарын айтты. Белгілі болғандай, әлеуметтік желідегі контент тек қана балаларға қатысты болса ғана Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аясында құрылған жұмыс тобы ол мәселені қарастыратын болады.

Суицид бойынша еліміз алдыңғы қатарда келеді. Оның бірден-бір себебі– әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің белең алғаны. Себебі қазір гаджет кез келген жасөспірімнің қолында бар дүние. Олардың қандай да бір ақпаратқа қол жеткізуі мүмкіндігі бар. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, «Синий кит» деген болды. Әртүрлі кері бағыттағы топтар құрылуы мүмкін. Бұл заңды алдын алу шарасы деп қарастыруға болады.

baq.kz

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button