Сарапшылар бағаны

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Динара Қамзанова:

Мажоритарлық тәсілде ешқандай партияға кірмейтін, бірақ сайлауға қатысып, көп дауыс жинаған кандидат жеңеді. Осылайша, Парламенттің төменгі палатасына жаңаша көзқарастағы, жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық депутат сайланады. Жалпы аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, еліміздің жаңғыру үдерісін ілгерілетеді деп сенемін.

Есептей келсек, 69 депутат партия тізімімен, 29 депутат мажоритарлы жүйемен жасақталады. Осылайша, мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Мәжіліске кемінде бір белсенді депутатын сайлай алады. Мұндай аралас тәсілмен сайлау өткізу облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттарға да енгізілетін болады. Ал аудандар мен қалалардағы сайлау тек мажоритарлық тәсілмен өтеді. Кандидаттар өз-өзін ұсыну арқылы іріктеледі.

Сайлаудың әділ өтуі үшін негізгі фактор халықтың сайлауға деген қызығушылығы, белсенділігі және халықаралық бақылаушылардың көптеп қатысуы. Сондықтан халық өзіне керек билікті таңдау үшін өзгерісті өзінен бастап, сайлауға белсенді түрде қатысуы керек деп санаймын. Әлемде электрондық сайлау тәсілін қолданған елдерде біраз техникалық қателіктер болған. Оны біздің мамандар толықтай зерттеп, біртіндеп енгізеді деп сенемін.

inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button