Жаңалықтар

Басқарма Төрағасы «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңының тұсаукесеріне қатысты

Бүгін «Мемлекет басшысының саяси реформалары» тақырыбында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңының отырысы өтті.

Белгілі саясаткерлердің, саяси партиялардың жетекшілерінің, сарапшылар қауымдастығының өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен бірінші талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және Қазақстандағы билік институттарының трансформациясына арналды. Пікірталас алаңына ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов модераторлық жасады.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгельдинов Мемлекет басшысы Қоғамдық кеңестердің жұмысын қайта қарауды тапсырғанын баса айтты. Бізде Қоғамдық кеңестер бар, Мәслихат бар, оған қоса жаңадан Кеңестер құру туралы былтырғы Жолдау аясындаға Президент тапсырмасы да бар. Бірақ, олардың бір-бірінен функционалдық айырмашылығы неде!? Кезінде Қоғамдық кеңестер құрылғанда оның мәслихаттан айырмашылығы неде деген сауалдар да туындаған болатын. Әрине, бақылау – азаматтарды саяси үдерістерге қатысуға ынталандыратын бастама. Дегенмен, олардың ерекшеліктері мен функционалдық міндеттерін ажырата білу керек. Сонда ғана азаматтар қандай кеңеске кіру керек, онда қандай мүмкіндіктер бар және мәселелері қайда шешілетінін түсінеді. Сондықтан, әсіресе, өңірлерде осындай алаңдар арқылы нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізсек, жаңа саяси белсенділік пен жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз», – деді.

Еркін Тұқымов өзінің сөзінде «КИСИ GPS» Ұлттық сараптама алаңы елдің даму мәселелері бойынша жаңа мағыналарды қалыптастыруға, тың идеяларды іздеуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

Басқарма Төрағасы «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптама алаңының тұсаукесеріне қатысты

«Біз бүгін ұлттық сараптамалық пікірталас алаңының ашылуына қатысып отырмыз. Біз оны Жаңа Қазақстан құрылысының рухында – КИСИ GPS деп атауға тырыстық. GPS – Қазақстанның дамуы үшін ең жақсы идеяларды, ойларды, мағыналарды іздеуді танытады. Екінші жағынан, GPS сөзбе-сөз «Ғылым. Пікір. Саясат» мағынасын береді. Үкімет пен қоғам тұрақты диалогқа, тұрақты пікір алмасуға мүдделі екені анық – біз қандай Қазақстан құрып жатырмыз, біз не істеуіміз керек және өз өмірімізді жақсарту үшін,  Қазақстан әлемдік қауымдастықтың одан да табысты мүшесі болуы үшін жасап жатырмыз. Сондықтан алаңымыздың тұрақты болуы өте маңызды, оның үстіне бұл алаң бүкіл қоғамның, тіпті кең-байтақ Отанымыздың ең шалғай аймақтарындағы барша азаматтардың сұранысына жауап беруі тиіс деп есептеймін, біз әртүрлі көзқарастарды көру үшін елорда мен Алматыда да ғана кездеспей, сонымен қатар бүкіл Қазақстанды үнемі аралауымыз қажет. Осыған орай, ұлттық сараптама алаңның мәртебесіне сәйкес болу үшін өңірлерде талқылаулар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының басшысы.

Сондай-ақ, ҚСЗИ басшысы мемлекет басшылығына қорытындылар мен барлық ұсыныстарды жеткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button