Сарапшылар бағаны

Сарапшылар Жолдау туралы: Халықтың көкейінде жүрген мәселелер шешімін тапты

«Өзім Семейдің тумасы болған соң, біз үшін бұл ерекше Жолдау болды. Сондықтан да Мемлекет басшысына алғыс білдіремін. Қасым-Жомарт Кемелұлы Семей, Жезқазған, Талдықорған аймақтарындағы халықтың көкейлерінде жүрген проблеманы шешті деп ойлаймын. Енді, ең бастысы аталған өңірлерге жанашыр, іскер, сол өңірлердің жағдайын жақсы білетін азаматтар әкім болып келуі керек»,- деді сарапшы.

Президент биылғы Жолдауында өзінің өкілеттігі кезінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынған болатын. Бұны Самат Нұртаза нағыз демократиялық қадам деп есептейді.

«Жолдауда Мемлекет басшысы өзінің партиядан кетуі керектігін білдіріп, әкімдер де кетсе дұрыс болар еді деген месседж жасаған болатын. Менің ойымша, бұл – нағыз демократиялық қадам. Осылайша бүкіл партиялар тең дәрежеде болады, тең дәрежеде іс-әрекет жасайды. Бұл келесі сайлаулардың ашық әрі демократиялық түрде өтетіндігіне сенім туғызады», – деді саясаттанушы.

Сарапшы үш облыс пайда болуына байланысты, яғни оларды дамытуға қосымша қыруар қаражат кетеді деген пікірлерге қатысты ойын тарқатты. Оның сөзінше, облыстарды дамытуға жұмсалатын қаражат сол жердегі тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға да септігін тигізеді.

«Біз кезінде Азиада, Экспо сияқты мегажобаларға миллиардтап қаржы жұмсаған мемлекетпіз. Соны ұмытпау керек. Осы тұрғыдан алғанда, бұл үш облыстың пайда болуы, оны көркейтуге қаражат бөлінуі жергілікті халықтың тұрмыстық ахуалын көтеруге септеседі. Демек, сол аймақтардағы тұрғындардың күткенін Президент естіп, көңіл бөліп, халықтың ішіндегі қалауын орындады. Сондықтан ондай игі іске қаражатты аямау керек. Кейін оның қайтарымы болады. Ертеңгі күні ол өңірлерге де көбірек инвестиция тартылып, кәсіпорындардың дамуына жол ашады. Осы жағынан алсақ, үш қалаға облыс орталығы мәртебесін беру тиімді болмақ», – деп түйіндеді ол.

inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button