Жаңалықтар

Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі талқыланды

  «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі талқыланды

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Мыңбай Дархан Қамзабекұлы ашты. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің басшылық құрамы, үкіметтік емес ұйымдардың, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Шара барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, мемлекеттік органдардың миссияларын қайта қарау, азаматтардың мемлекеттік аппараттың жұмысын түсінуі және «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ қызметі туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында ҚҚДИ Төрағасы Қазбек Майгельдинов институт қызметі туралы қысқаша есеп жасады. Өз баяндамасында ол 2021 жылғы ҚҚДИ жұмысының нәтижелеріне тоқталды, сондай-ақ 2022 жылға арналған жобалар туралы хабардар етті.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарынша, кезекті отырыс Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін өткізу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button