БАҚ біз туралы

Экономиканы саяси реформасыз дамыту мүмкін емес – Ж.Ысқақова

Сарапшылар партиядағы өзгерістерді басшылықтың қоғам пікіріне құлақ асқандығының көрінісі деп санайды. Олардың пікірінше, әлеуметтік сауалнамалар саяси ұйым жұмысында мәселелердің қордаланып қалғанын көрсеткен. Қазіргі реформа соны түзетуге бағытталған бетбұрыс. Бір жағынан экономикада туындап жатқан қиындықтарды еңсеру үшін де осындай өзгеріс қажет. Жұлдызай Ысқақова, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы: – Экономиканы саяси реформасыз дамыту мүмкін емес. Дәл қазір бізде партияның жұмысын жандандыру бойынша жұмыс басталды. Ол дегеніміз қазіргідей теңгенің құнсыздануы, инфляция болып жатқан тұста өте маңызды қадам. Нарықтың құбылуына қарай барлық мүмкіндікті осылай іске қосу керек.

24.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button