Сарапшылар бағаны

Сарапшылар: Президент тапсырмаларын тиянақты орындау қажет

Әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты елімізде ықтимал экономикалық қауіп пен дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспары пысықталып жатыр. Сарапшылар кешенді іс-шара, сындарлы кезеңдерді еңсеріп, тығырықтан шығуға мүмкіндік береді дейді.

Серік Молдағалиев Қазақстандық Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Болып жатқан жағдайлар жақсылыққа алып келмедй. Қиындықтар алып келеді. Әлемдік экономикаға әсер етіп жатыр. «Жоспарға сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Ұлттық банк интервенция жасады. Және базалық мөлшерлеменің 13,5 пайызға көтерілуі. Бұл теңгенің тұрақтануына өз әсерін тигізуде.

Жұлдызай Ысқақова, Қазақстандық Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Орын алған геосаяси жағдайда уақытылы шешімдер қабылдау аса маңызды. Бұл ретте Президентіміз нақты тапсырмалар жүктеді. Ахуалға орай еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сенат спикері де ой елегінен өткен, салмақты тұжырым жасап отыр. Осының бәрі қиын кзеңдерді еңсеруге мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

https://qazaqstan.tv/index.php/news/153696/

Басқа жаңалықтар

Back to top button