Сарапшылар бағаны

ҚҚДИ-да «Қазақстандық отбасылар 2022» Ұлттық жоспарын әзірлеуге кірісті

Бүгін қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында сарапшылар қауымдастығының қатысуымен «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығы құжат жобасын үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ұсынуды жоспарлап отыр.

Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева Ұлттық баяндамада қазақстандық отбасылардың жағдайы зерделеніп, отбасылық саясатты жетілдіру үшін ұсынымдар әзірленетінін атап өтті.

Ол «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасы екінші рет әзірленуде. Жыл сайын Ұлттық баяндаманы дайындау аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданады. 2020 жылы ұсыныстардың 41,2% – ын мемлекеттік органдар ішінара немесе толық орындады», – деп хабарлап сарапшылардың талқылауына кезекті Ұлттық баяндаманың құрылымы мен мазмұнын ұсынды.

Талқылау барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова Ұлттық баяндама жергілікті жерлердегі нақты жағдайды көрсету керек екенін атап өтті.

«Практикалық бағыт қажет. Баяндамада объективті көрініс және жергілікті атқарушы органдардың жұмысында не жетіспейтінін нақтылау керек», – деді.

«Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мақсұтбек Айтмағанбет: «Әкелер мен аналар институты деп бөліп қарауға болмайды. Одан отбасы зардап шегетін болғандықтан жалпы отбасын зерттеу керек. Көп нәрсе баяндаманың қалай қолданылатынына байланысты», – деп айтты.

ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Азамат Жаманчинов баяндамада ата-аналардың құзыреттілігі көрініс табуы, сондай-ақ өңірлерде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды әлеуметтік қолдауға талдау жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде, «БҰҰ-әйелдері» коммуникация және адвокатура жөніндегі талдаушысы Динара Құсайын құжатта қазақстандық отбасылардың жағдайы объективті бағалануы жөн деді.

Адам құқықтарын, инклюзияны және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры Халида Әжіғұлова қазақстандық және халықаралық заңнамаға талдау жүргізуді ұсынды.

«Отбасы академиясы» ҚҚ басшысы Шолпан Байболова Ұлттық баяндаманы Балалардың құқықтарын сақтау және қорғау, балалар кедейлігінің алдын алу призмасы арқылы зерделеу, баланы қабылдайтын ата-анаға көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

Баяндаманы талқылау кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар 2022 жылы қазақстандық отбасылардың жағдайын COVID-19 призмасы арқылы зерттеу қажет екенін хабарлады. «Пандемия отбасылардың осалдығына әсер еткенін, НҚА қалай жұмыс істегенін талдау, ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтықты зерттеу, әлеуметтік осал отбасылар үшін автоматтандырылған мәліметтер базасын құру, отбасы және отбасы саясаты туралы зерттеулер базасына ашық қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет», – дейді сарапшылар.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық баяндаманың құрылымы мен мазмұны жобасына айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, түзетулер енгізілетін болады.

Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде әлеуметтік зерттеулерді ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметкерлері сәуір мен маусым аралығында жүргізеді деп жоспарлануда.

https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/220055-kkdi-da-kazakstandyk-otbasylar-2022-ulttyk-zhosparyn

Басқа жаңалықтар

Back to top button