Жаңалықтар

Әлеуметтік желі этикасы

Әлеуметтік желі – әркімнің жеке меншігі, кибернетикалық келбеті. Желідегі парақшасын кімнің қалай жүргізетіні өз ырқында. Десе де желідегі буллинг, жалған ақпарат тарату, бейәдеп сөздерді қолдану сынды әдеттердің көбейуі желі қолданушыларының этиканы сақтамауына әкеледі.

Бұндай күрделі жағдайда пікір-талас және оның сапалық деңгейі аса маңызды рөлге ие. Бұл тұста бір емес, мыңдаған пікір-таласқа жетерліктей сан алуан пікірлер баршылық.

Еліміздегі сондай пікір-талас алаңы – «Азаматтық алаң» отырысы. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда. «Әлеуметтік желі этикасы» тақырыбындағы кезекті бас қосуды «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қарамағындағы «Ruh.kz» порталы ұйымдастырады. Спикерлер мен қатысушылардың қатарында түрлі сала өкілдері, журналистер мен блогерлер бар.

Қазіргі медиа саласында жаңа технологиялардың пайда болуы кәсіби журналистер үшін де, қатардағы интернет қолданушыларына да үлкен мүмкіндіктер сыйлап отыр. Десек те, журналистердің әлеуметтік желілердегі өздерінің кәсіби немесе жеке парақшасында қандай ақпаратты бөлісу керек деген мәселе маңызды.

Қазақстандағы кез келген медиаресурс өз мамандарына арнап «тәрбие сағаттарын» жүргізеді деп айтуға әлі ерте. Кәсіби журналистің әлеуметтік желідегі белсенділігі ешқандай ережемен, нұсқаумен реттелмеген. Сондықтан медиа саласы мамандарының әлеуметтік желіні этика мен журналистік стандарттар тұрғысынан дұрыс пайдалануды нормаға айналдыруы жөнінде атқарылатын шаруа көп.

Киберкекетулерге тыйым салына ала ма? Кибербуллингтің жазасы қандай? «Әлеуметтік желі этикасы» деген не? «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында осы сынды өзекті, өткір сауалдарға, әлеуметпен бірлесе отырып, нақты жауап берілмек.

Онлайн отырыс бүгін, яғни 24 ақпанда, сағат 15:00 «Zoom» платформасында өтеді. Отырысқа төмендегі сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://zoom.us/j/94429122822?pwd=NG9uTThQVW5ZdmZqbUliWjRyQVFtdz09

Басқа жаңалықтар

Back to top button