Жаңалықтар

Қазбек Майгелдинов ҚҚДИ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қазбек Өмірзақұлы Майгельдинов «Қазақстандық қоғамдық даму институты»  КеАҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды. ҚҚДИ қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық даму және процестер саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету.

Қазбек Майгелдинов ҚҚДИ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Қазбек Майгелдинов Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Тарих» мамандығын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2021 жылы ЕҰУ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған, PhD докторы.

Еңбек жолын 2007 жылы «Парасат» қазақстандық көпсалалы институтының «Престиж Академиясының» оқытушысы болып бастап, «Ә.Х. Марғұлан атындағы «Археология институты» РМҚК жалпы археология бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да қызметтерді атқарған.

2019-2021 жыл аралығында Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының» басшысы ретінде жұмыс істеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button