Жаңалықтар

Сараптамалық пікіралмасу алаңында жастар арасындағы көші-қон мәселелері талқыланды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтік зерттеу нәтижелері жастардың 32,5% – ы республика көлемінде тұрғылықты жерін ауыстырғысы келетінін көрсетеді. Бұл ретте сұралғандардың 20,9% – ы жақын арада елден тыс жерлерге көшкісі келетіндерін немесе болашақта бұл қадамға баруға дайын екендіктерін айтты. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен ұйымдастырылған «Жастар» ҒЗО сараптамалық пікіралмасу алаңында айтылды.

 Жастар үшін тұрғылықты жерін ауыстыруға итермелейтін негізгі факторлар негізінен әлеуметтік-экономикалық және институционалды сипаттағы проблемалар болып табылады. Мысалы, сұралғандардың 52,8% өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында қоныс аударатындарын көрсетті; 45% – жұмыс іздеу, 32,5% – сапалы білім алуды таңдаған.

Білім беру және еңбек көші-қонына қатысты мынадай үрдістер байқалады. Сұралғандардың көпшілігі отандық оқу орындарында мамандық алуды жоспарлап отыр. Шетелдік оқу орындарын таңдауға итермелейтін негізгі себептер – сапалы білім алу мүмкіндігі (66,9%), әлемді көру, саяхаттауға деген ұмтылыс (22,9%), өзін-өзі тану және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер аз (17,8%), шетелдік жоғары оқу орындарының жоғары рейтингтері (15,9%). Сондай-ақ, жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ішкі еңбек көші-қоны сыртқы көші-қоннан едәуір асып түседі. Сұралғандардың 22,1% мерзімді түрде басқа облысқа өздері немесе олардың туыстары барады.

Сараптамалық пікіралмасу алаңында жастар арасындағы көші-қон мәселелері талқыланды

Осылайша, қазақстандық жастар арасында көші-қонға деген көзқарастың деңгейі айтарлықтай жоғары және қосымша зерттеуді талап етеді.

2022 жылғы 4 ақпанда «Жастар» ҒЗО сараптамалық пікіралмасу алаңында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Жастар арасындағы миграциялық көңіл-күйі» тақырыбы бойынша отырыс өтті.

Қатысқан тараптар жастардың көші-қонын үздіксіз зерделеудің және көші-қонның триггері болатын негізгі репеллент факторларды анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Атап айтқанда, «Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошев өз сөзінде «Шекара маңындағы өңірлердегі жастардың оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері» әлеуметтану зерттеуінің қорытындылары туралы айтып берді. Ол жас азаматтардың көші-қон көңіл-күйін, әсіресе шекара маңындағы өңірлерде анықтау мақсатында тұрақты негізде зерттеулер жүргізу қажеттігін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтану зерттеулері бөлімінің аға ғылыми қызметкері Альшанская Анна еңбек нарығында жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған жастардың санаттарын атап өтіп, жастарға арналған жұмыспен қамту бағдарламаларының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау қажет екенін атап өтті.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия департаменті директорының орынбасары Әлихан Қарабаев өз сөзінде, ең алдымен, эмиграция себептеріне әсер ететін жұмыс істеп тұрған институттарды жетілдіруді талап ететін кешенді тәсілдің қажеттілігін атап өтті. Ол «ойлардың тарауына» назар аударып, сыртқы көші-қонды реттеу саясаты, білім беру көші-қоны және ЭЫДҰ елдерінің үлгісі бойынша таланттарды ұстап қалу бойынша халықаралық тәжірибені қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Зерттеулер және стратегиялық даму басқармасының басшысы Самат Рамазанов «Bolashaq» халықаралық стипендиялық бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтып, шетелде білім алып, Қазақстанда жұмыс істейтіндер еліміздің нағыз патриоттары болып табылатынын атап өтті.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Жұмырбаев Тимур жоғары білімнің ерекшеліктері және олардың жастардың көші-қонына қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Талқылау барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шәріпов жоғары білім алу үшін шетелге кететін қазақстандықтардың орнына басқа елдерден қандастарды тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол қазақстандық жоғары оқу орындарына қандастардың қабылдану процесіне және іріктеу критерийлерін жеңілдетуге назар аударды.

Kozybayev University Ғылым департаменті директорының м.а. Құрмашев Ильдар Аризона университетімен ынтымақтастық жөніндегі бірінші тәжірибе және оқу процесінде американдық әдістерді қолдану туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ ол мұндай тәсіл Қазақстанда бірегей болып табылатынын атап өтіп, бұл ел жастары арасында ЖОО таңдауға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу тетіктерін әзірлеуде одан әрі пайдалану үшін жастар көші-қоны бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тізбесі қалыптастырылды.

Іс-шара барлық санитария-эпидемиология нормаларын сақтай отырып, онлайн режимде өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button