Жаңалықтар

Асылбек Есенбаев – Жастарға ерекше көңіл бөлінді

Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Үкіметке «Жастар тəжірибесі» жəне «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) жастар проблемалары жөніндегі зерттеуіне сүйенсек, 2001 жылы NEET жастардың үлесі 18,6%-ға жеткен. Соңғы 10 жылда бұл көрсеткіш 0,7%-ға, яғни 7,8-ден 7,1%-ға дейін төмендеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан NEET жастары үлесінің 1-9,9% деңгейіндегі ең төмен көрсеткіштері бар елдер санатына кіреді.

Соған қарамастан, жастар жұмыссыздығының абсолютті көрсеткіштері (2021 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда 77,5 мың жұмыссыз жас болған) олардың еңбек нарығындағы тұрақсыз жағдайын көрсетеді.

Оның үстіне, жас жұмыс күшінің ұтқырлығы жұмыспен қамту мәселелерін одан сайын ушықтырады және бұл санатқа жұмыссыздықтың одан да көп әсерін тигізеді.

Халықтың əлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есеге – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтуді жүктеді.

ҚҚДИ мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстандағы ауыл жастарының үлесі іс жүзінде қалалық жастарға тең, яғни 43,8%-ды құрайды. Бірақ жастар саясатын, инфрақұрылымды дамыту көбінесе қала жастары үшін жүреді (56,2%).

Өз кезегінде Президенттің Үкіметке «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында өңірлер үшін жекелеген бағыттарды әзірлеу туралы тапсырмасы ел жастарын ынталандырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button