Зерттеулер

«Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобалар акселераторының жинағы

«Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобалар акселераторының жинағы 2021 жылғы өңірлік жобалар мен әлеуметтік бастамаларды жеделдету аясында әзірленді.

«Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобалар Акселераторы – бұл өзгерістердің қозғаушы күші ретінде және өңірлердегі қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар көшбасшылары мен топтарының тұрақты даму алаңы болып табылады.

Жинаққа Қазақстанның барлық өңірлерінен Бағдарламаны іске асырудың барлық бағыттарын қамтитын 31 жоба енді.

Барлық жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша іріктеліп, Өңірлік жобалық офистерімен одан әрі ілгерілеуге ұсынылды

Жобалардың бағыттары:

  1. Инклюзивті қоғамды дамыту.
  2. Бейресми білім беру шеңберінде тиісті құзіреттікті дамыту.
  3. Ауылшаруашылық өлкетану,танымдық туризімді дамыту.
  4. Мәдениет, өнер және халық шығармашылығы, спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту.
  5. Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту.
  6. Аумақты (ауыл,аудан,қала) дамыту, өңірлердегі әлеуметтік жобаларды қолдау.

Жобаларды іріктеу кезінде олардың қоғамдық маңыздылығына, инновациялық құрамдас бөліктерінің болуына және бәсекеге қабілет, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау және эволюциялық даму сияқты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  негізгі қағидаттарына сәйкес келуіне баса назар аударылды.

ЖҮКТЕП АЛУ

Басқа жаңалықтар

Back to top button