Вакансиялар

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекшісі

Лауазымдық міндеттері:

Басқарманың жұмысына және қызметкерлеріне Басқарма туралы ережеге, олардың лауазымдық міндеттеріне сәйкес басшылық жасайды, жұмыстың тиімділігін бағалауды, жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ресурстарды бағалауды жүргізеді;

Қоғамда дайындалатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер, стандарттар және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, оларға қолбелгі қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;

Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде ұйымның мүдделерін білдіреді, сот істерін жүргізуді жүзеге асырады;

Шағымдарды, сот істерін қарау нәтижелерін талдау және қорыту бойынша жұмысты басқарады;

Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Қоғамда мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

Қоғамда азаматтық талап қою және шағымдар бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді;

Қоғамда өтетін мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыруды бақылауды қамтамасыз етеді.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

Қызметкер лауазымына тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Шарттар мен жалақы әңгімелесу кезінде талқыланады.

Бакыт Сылкибаева, HR–менеджер

8 7172 796566, b.sylkibaevaa@kipd.kz

Back to top button