Жаңалықтар

«Жомарт Жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Павлодар қаласында «Мен сенемін» республикалық идеялар форумының аясында «Жомарт Жүрек» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш сыйлық жыл сайын азаматтық қоғамның, бизнес құрылымдардың, меценаттардың, ҮЕҰ мен еріктілер қозағалысының үздік өкілдеріне беріледі. Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының бірлесіп өткізді.

Ашылу салтанатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқыды. Іс-шара барысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ Басқарма Төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким және «Еurasian Resource Group» басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова сөз сөйледі.

«Жомарт Жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

«Жомарт жүрек» сыйлығы – қайырымдылық мүддесімен елге қызмет етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандырып, елге танымал етуды мақсат еткен арнайы марапат.

2018 жылдан бері бұл сыйлық 125 адамға берілді. Ал бүгін біз жаңа жомарт жандардың есімдерін білетін боламыз. Өңірлерден келіп түскен 100-ден астам өтініштерді тәуелсіз комиссия мүшелері қарастырып және онлайн дауыс беру нәтежиесі арқылы жеңімпаздар анықталып отыр. 5 номинация бойынша келіп түскен 51 өтініш іріктеліп озық шықты. Алайда басты жеңімпаз сіздер мен біздің мейрімді жүректеріміз» – деді Аида Ғалымқызы.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы мемлекеттік деңгейде өңірлерді дамытуға, сонадай-ақ мейірімділік құндылықтары мен қайырымдылық идеяларын ілгерілетуге белсенді қатысатын, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрқашан дайын азаматтарды танымал етуге мүмкіндік беретін бірегей алаң болып табылады.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы биыл «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік қамқоршысы», «Жылдың үздік ұйымы», «Туған өлке» секілді 5 номинация бойынша табысталды.

 «Жыл меценаты» номинациясы белсенді меценаттық қызметі үшін берілді. Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова табыс етті. Бұл номинацияның жеңімпаздары:

  • Абдулхалил Долкунтай, Алматы қаласы, «METALL PROM GROUP» ЖШС директоры;
  • Владимир Розметов, Атырау облысы, «Атырау Агро Өнімдері» шаруа қожалығының басшысы;
  • Дәурен Тәліпов, Алматы облысы, өңірлік «Жас кәсіпкерлер одағының» төрағасы;
  • Сапар Ибкеев, Қарағанды облысы, «Береке» шаруа қожалығының директоры;
  • Рауан Есенғалиев, Батыс Қазақстан облысы, «Бақытжан» шаруа қожалығының басшысы;
  • Мұратқали Сұлтанқұлов, Түркістан облысы, «Алатау» шаңғы базасының директоры;
  • Данияр Сағынаев, Ақмола облысы, «Алмаз Агро» ЖШС директоры;
  • Александр Гусев, Ақмола облысы, «Поиск» Агрофирма ЖШС директоры;
  • Асқар Қожмұхаметов, Шығыс Қазақстан облысы, «Алел» ФИК АҚ Бас директоры;
  • Талғат Тұрымбаев, Жамбыл облысы, Басқарма мүшесі, «Kusto Group» төрт құрылтайшы серіктестерінің бірі.

Келесі номинация «Жыл тұлғасы» белсенді филантропиялық қызметі үшін берілді. «Altyn Qyran Foundation» ҚҚ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов келесі жеңімпаздарға марапатты табыс етті:

  • Болат Қарабаев, Қостанай облысы, «Мирас» шаруа қожалығының басшысы;
  • Бақтыбай Жүнісов, Қарағанды облысы, Орталық Қазақстан академиясының ректоры;
  • Кузьменко Петр, Павлодар облысы, «Луганск» өндірістік кооперативінің төрағасы;
  • Абитаева Ғалия, Жамбыл облысы, «Нағыз патриот» жетекшісі;
  • Сырымбек Тау, Алматы қаласы, «Daco Motors» бас директоры;
  • Айжан Наимбекова, Шымкент қаласы, «Барыс 2007» ЖШС Бас директоры;
  • Жақсыбек Сәрсенбеков, Түркістан облысы, кәсіпкер;
  • Бақытқали Оразғалиев, Ақтөбе облысы, «UMIT» облыстық фронт кеңсе еріктісі;
  • Әйгерім Досқалиева, Атырау облысы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорын құрудың бастамашысы;
  • Сергей Звольский, СҚО, «Астық-СТЭМ» директоры;
  • Бахытжан Нуракишева, Ақмола облысы, «Айртас» ЖШС директоры.

«Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясының жеңімпаздары кешенді қайырымдылық қызметі үшін, елеулі әлеуметтік-маңызды өзгерістерге алып келген қайырымдылық көмегі үшін марапатталды. Марапатты «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Асылбек Есенбаев табыс етті.

 

«Дүниежүзін жайлаған пандемия кезінде азаматтардың мейірім мен жылы жүректерінен шығып жатқан іс-әрекеттері ешкімді бей-жай қалдырып жатқан жоқ. Әсіресе, осындай қиын кезеңде адамдардың бір – біріне деген қайырымды ілтипаттары мен ишараларының саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Бұл заңды құбылыс. Ал осындай отандастарымызды келесі ерліктеріне ынталандару біздің мақсатымыз» – Асылбек Есімқанұлы.

Номинация жеңімпаздары:

  • Әлішер Рүстембек, Түркістан облысы, «MEGA-AGAT» ЖШС директоры;
  • Әбутәліп Мүтәлі, Жамбыл облысы, «STEM AKADEMIA» компаниясының тең құрылтайшысы;
  • Мөлдір Ақылбекова, Нұр-сұлтан қаласы, «AidynNury» Жеке кәсіпкерлік қорының атқарушы директоры;
  • Орынбай Жолмұратов, Ақтөбе облысы, Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкер;
  • Аниаш Иманбаева, Алматы облысы, меценат;
  • Кристина Юдакова, Қостанай облысы, волонтер;
  • Андрей Исаков, Солтүстік қазақстан облысы, «Таткрафт-Инвест» ЖШС Бас директоры.
  • Ерсайын Жақсылықов, Ақмола облысы, меценат;
  • Ибрагим Әліпов, Атырау облысы, «Жайық Бетон Констракшн» ЖШС директоры;
  • Роза Қайғатырова, Алматы облысы, меценат.

Келесі номинация «Жылдың үздік ұйымы» қайырымдылық бағдарламасын тиімді жүзеге асырғаны үшін берілді. Марапатты Qazaqstan Ұлттық телеарнасының бас продюсері Мақсат Толықбай табыс етті. Бұл номинацияда үздік болғандар:

  • «SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры, Ақтөбе облысы;
  • «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС, Қостанай облысы;
  • «KATCO» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны ЖШС, Түркістан облысы;
  • «САМҒА-Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, Алматы облысы, жетекшісі Рысбаева Назгүл;
  • «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі, Алматы облысы, жетекшісі Қыдыралина Ажар Сыдықбекқызы;
  • «Алматы облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Барибаева Асель, Алматы облысы;
  • «Балтекстиль» ЖШС, Шымкент қаласы;
  • «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ;
  • Нұр-сұлтан Қ. «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры;
  • «Эко-Техникс» ЖШС, Атырау облысы.

Ең соңғы «Туған өлке» номинациясы кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырғаны үшін берілді. Жеңімпаздарды «Менің Атамекенім» ҚБ басшысы, 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ләззат Шыңғысбаева марапаттады. Жеңімпаздар қатарында:

  • Нұрлан Қалтаев, Қарағанды облысы, кәсіпкер, меценат, «Abadan» клубының президенті;
  • Жұмабай Бекмағамбетов, Ақтөбе облысы, «Аслан» шаруа қожалығының басшысы;
  • Ержан Хасанов, Батыс Қазақстан облысы, «Мағжан» ЖШС директоры;
  • Қуатбеков Еркінбек, Жамбыл облысы, «Құрылыс Жоба Инжиниринг» ЖШС директоры;
  • Байкен Әшірбаев, Шымкент қ., меценат;
  • Арман Хайруллин, Атырау облысы, «Атамекен Эко» директоры;
  • Иван Вечтейн, Қостанай облысы, «К. Маркс атындағы» ЖШС директоры;
  • Бахтияр Ысқақов, Ақмола облысы, «Ушаково-Агро» ЖШС;
  • Айткен Шурманов, ШҚО, «Убинское-Ш» ЖШС;
  • Вячеслав Чернышов, СҚО, «Александровское» ЖШС;

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button