Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің табысты жобалары

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда. Назарларыңызға ең ауқымды жобалармен танысуды ұсынамыз:

Stopfake.kz жобасының арқасында бір жыл ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған 1900-ден астам жалған ақпарат теріске шығарылды.

Балаларға арналған бейне контентті дамыту және насихаттау мақсатында «TiJi» және «Nickelodeon» телеарналарының кемінде 800 сағаттық контентін қазақ тіліне аудару бойынша келісім-шарттар жасалды.

3,8 мыңға жуық журналист салалық журналистика бойынша оқыту курстарынан өтті. ҮЕҰ академиясының жұмысының нәтежиесінде 1,1 мың ҮЕҰ мүшесі оқытылып, әлеуметтік кәсіпкерлік мектептері ашылды. Үкіметтік емес сектордың қажеттілік карталары әзірленді.

QAZRADIO географиялық таралым аумағын кеңейту аясында биыл хабар тарату 40 жаңа елді мекенді қамтыды, 5 шекара маңы пунктінде РТС-тер орнатылды, тағы 107-сі іске асырылу сатысында.

ҚР АҚДМ көмегімен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимациялық мектеп ұйымдастырылды. «Balapan» телеарнасында 30 жасөспірім алты ай бойы анимация негіздерімен танысып, 2D және 3D аnimation, Stop Motion техникаларымен тәжірбие жүзінде танысты.

Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру  аясында «Киелі табиғат» акциясы ұйымдастырылып, бұл жұмысқа 80 мың жас қазақстандық тартылды. Еліміз бойынша 300 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 23 мың тонна қоқыс жиналды.

«Biz Birgemiz» волонтерлер фронт-офисінің қызметі шеңберінде 500-ден астам шағын гранттар жүзеге асырылды.

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» басталды. Марафон қайырымды істерге  бизнесті, азаматтар мен волонтерлерді, ҮЕҰ-ды біріктіруге арналған. Жыл басынан бері 12,2 мың іс-шара өткізілді. 216,7 мың азамат атаулы көмек алып, марафонға 2,5 млн. астам азамат қосылды

Басқа жаңалықтар

Back to top button