Жаңалықтар

«Қазақстан жастары-2021» Ұлттық баяндамасында замануи жастардың өзекті мәселелері зерделенген

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.

Сарапшылар жиынына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдары мен ресурстық орталықтардың қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «Қоғамдық пікір» институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан жастары-2021» Ұлттық баяндамасында замануи жастардың өзекті мәселелері зерделенген

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сақошев кіріспе сөзінде Биылғы жылы Ұлттық баяндама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында дайындалғанын атап өтті. Атап айтқанда, ол 10-20-30 жас аралығындағы жастар ортасының даму динамикасына салыстырмалы талдау ұсынылғанын. Әлеуметтік үрдістер мен қазіргі даму заңдылықтарына сапалы талдау жүргізу мақсатында 4 әлеуметтік зерттеу, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастықпен әлеуметтік консультациялар жүргізілді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дана Әшімханова баяндаманың ғылыми авторларының бірі ретінде жастардың қоғамдық – саяси процестерге тартылуына сараптамалық баға берді. Ол жастар ортасындағы өзекті трендтерді атап айтып берді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жоғары ұтқырлық, диджитализация, заманауи технологияларды пайдалану қарқыны және салауатты өмір салты ең танымал трендтерге айналып отыр.

Л.Н.Гумилев ЕҰУ халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасының доценті Жаслан Нұрбаев өз сөзінде жастар үшін білімнің қолжетімділігі мен сапасына назар аударып, бірінші кезекте қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты атап өтті. Ол сондай-ақ қазіргі тенденциялар мен болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар, жастардың ғылымдағы мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік – саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина мемлекеттік жастар саясатының 30 жылдағы даму хронологиясымен таныстырды. Ол ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті, оған жаңа заңнамалық бастамалар, жастарды дамыту индексін енгізу, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру кіреді.

Өз кезегінде ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Ұлттық баяндамамен жұмысты қорытындылай келе, қазақстандық жастардың өзекті мәселелерін шешуде мемлекеттің, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың және жастардың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Дәл осы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы жалпы бірігіп жасайтын жұмыстар жаһандық дамудың заманауи сын-қатерлеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді», – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар «Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасы маңызды құжат және іс жүзінде жалғыз ғылыми еңбек болып табылады. Құжатта қазақстандық жастардың тұрмыс-тіршілігінің негізгі салаларындағы қалыптасқан жағдайларға жан-жақты талдау ұсынылған. Баяндама авторлары мен сарапшылар жас ұрпақтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін, сондай-ақ баяндаманың әр тарауында көрсетілген негізгі трендтерді, қызығушылықтар мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік беретін үлкен ғылыми жұмыс жасады. «Жастар» ҒЗО 2013 жылдан бастап жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындап келе жатқанын атап өту қажет.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, онлайн және офлайн режимінде өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button