Зерттеулер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тиімділігі

Талдамалық баяндама 2021 жылдың үшінші тоқсанында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен жүргізілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігі»
тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде әзірленді. Баяндама – бағдарламаның алты бағытына сәйкес қазақстандықтардың құндылықтары мен практикалары туралы
әлеуметтанулық ақпараттың кең спектрін алуға бағытталған ауқымды әлеуметтанулық зерттеудің қорытындысы. Есепте, сондай-ақ, бағдарлама туралы ақпараттануы мен оған қатысуы туралы мәліметтер ұсынылған.

Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тиімділігіне талдау жасау болды.

Осы зерттеудің техникалық сипаттамасына сәйкес қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеудің мынадай міндеттерін шешу көзделген:
1) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары туралы халықтың ақпараттану және арнайы жобаларға қатысу деңгейін анықтау;
2) халықтың құндылықтар ұстанымдары мен өмірлік практикаларының «Рухани жаңғыру» қағидаттарына сәйкестігін зерттеу;
3) халықтың әл-ауқаты деңгейі мен өмірлік практикаларының «прагматизм» қағидатына сәйкестігін анықтау;
4) «бәсекеге қабілеттілік» және «білімнің салтанат құруы» қағидаттарына сәйкес халықтың білім деңгейі мен
дүниетанымының инновациялылығын анықтау;
5) «ұлттық сәйкестенуді сақтау» қағидатына сәйкес патриотизм деңгейін және халықтың ұлттық сәйкестенуін қалыптастыру аспектілерін анықтау;
6) «сананың ашықтығы» қағидатына сәйкес халықтың экологиялық және инклюзивті дүниетанымын талдау, бақыт деңгейін анықтау;
7) «Қазақстанның эволюциялық дамуы» қағидатына сәйкес халықтың әлеуметтік тұтастығы мен өзара іс-қимылының дәрежесін, отбасылық қатынастарға қанағаттануын, саяси қатысу және институттық сенім деңгейін анықтау;
8) цифрландыру жағдайында жұмыспен қамтудың тұрақтылығын айқындау.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тиімділігі

Басқа жаңалықтар

Back to top button