БАҚ біз туралы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы нақты лауазымды адамдармен бақыланады

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы нақты лауазымды адамдармен бақыланады. Жұмыстың тыңғылықты орындалуына үш саланың вице-министрі мен облыс әкімдерінің орынбасарлары жауапты. Жаһандану үдерісіне жұтылмау үшін 3 бағыт таңдап алынды. Алғашқысы – мемлекеттік тілді дамыту.

Оның аясында оқулықтар мен ғылыми монографияларды қазақ тіліне көшіру көзделген. Сосын төл мәдени өнімдерді көбейтуге басымдық берілген. Соңғысы – тәуелсіздік ұрпақтары, яғни жастарға үлгілік жол көрсету.

Қазыбек Майгелдинов, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» қоғамдық процесстер орталығының басшысы:

Бұған ең бастысы азаматтық қоғам тарапынан, яғни тұрғындар тарапынан тікелей бақылау болады. Қоғамдық кеңестер құрылып жатыр. Одан бөлек арнайы сайттарда орналасады. Яғни 5 жылға бағдарлама бекітілді ме, нақты көрсеткіштер бар ма, жауапты адамдар бар ма, бұл жауапты адамдар әлеуметтік желілерде бар ма?  Осыны қадағалайық, бәріміз ат салысайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button