Жаңалықтар

Жобалық кеңсе қызметкерлерінің кездесуі өтті

Батыс Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің өкілдері кеше Павлодар облысына іссапармен келді.

Кереку жеріндегі іске асып жатқан жобалармен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында келген делегацияның құрамында Батыс Қазақстан облысы аудандарының ішкі саясат, «Қоғамдық келісім» КММ бөлімдерінің және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшылары бар.

Екі күнге жоспарланған іс-шара кезінде өңір қонақтары ең алдымен республикалық киелі орындар тізіміне енген Сұлтанбет сұлтан үй-жайына барып, ондағы бірегей халықаралық зертхана, тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру клубтарын аралады.

Кейін өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің жұмысымен және мамандарымен танысты. Бөлім басшысы Нурия Кубенова Meet up форматында номенклатура, бастамашылық еткен жобалар, әдістемелік ұсынымдарды дайындау және мониторинг жайын таныстырды.

Жобалық кеңсе қызметкерлерінің кездесуі өтті

Түстен кейін қонақтар Павлодар қаласының бастамасымен іске қосылған «Трамвай-экскурсиясы» серуен трамвайымен қаланың тарихи және көрікті жерлерін аралады.

Бұдан бөлек өңір өкілдері еркін форматта өткен кездесуге қатысып, «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы  тест тапсырды.

Бүгін батысқазақстандық қонақтар Баянауыл ауданының киелі жерлеріне саяхатын бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button