Жаңалықтар

Танымал ресейлік әлеуметтанушы Галина Силласте ҚҚДИ жас сарапшыларына шеберлік сабағын өткізді

Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтында жас сарапшылар үшін «Әлеуметтік даму индекстерін әзірлеу мен қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында мастер-класс өтті.

Шеберлік сабағын Ресей әлеуметтанушылар қоғамы (РӘҚ) зерттеу комитетінің басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университетінің Әлеуметтану департаментінің ғылыми жетекшісі (Мәскеу қ.), «Әйелдер және даму» халықаралық қауымдастығының президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Галина Силласте өткізді.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының профессоры Ане Тынышбаева қатысты.

Іс-шараға ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Ане Тынышбаева, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары мен ҚҚДИ-ның жас сарапшылары қатысты.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев өзінің алғы сөзінде ұйымның басты қызметі мен міндеттері туралы айтып, ағымдағы жылы институт сарапшылары жастар мен азаматтық қоғамды дамыту индекстері бойынша зерттеу жұмыстарын әзірлегенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қазақстандық әлеуметтану қоғамдық даму үрдістерін анықтап, сипаттап қана қоймай, оларды түсіндіруге, қандай да бір проблемаларды практикалық шешудің нұсқаларын ұсынуға бағытталған. Біздің институт келесі жылы пандемиядан кейінгі кезеңде қоғамның адамгершілік ахуалы бойынша индексінің әдіснамасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Мұндай өлшеулер моральдық-адамгершілік аспектілердің сандық және сапалық жағдайын бағалауға және әлеуметтік өзгерістердің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі алып жатқан білім, институттың жас қызметкерлерінің зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Асылбек Есенбаев.

Сонымен қатар, А.Есенбаев бүгінгі қонақпен кездесу ҚҚДИ үшін халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетінін атап өтіп: «Біз әрқашан тұрақты негізде ғылыми байланыстарды орнатуға ұмтыламыз және бүгінгі кездесу отбасы әлеуметтануы саласында пікір алмасудың тамаша мүмкіндігі»,- деді. «Жас институт болсақ та, біз өзара диалогқа әрдайым ашықпыз және қазіргі заманның сын-тегеуріндерімен белгіленген міндеттерді шешуде серіктестікті жандандыруға дайынбыз», – деп атап өтті ол.

Галина Силласте «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ құрылымының өзекті қоғамдық мәселелерді зерттеу және бағамдау тұрғысынан маңызды қызметін атап өтті. Мастер-класс барысында спикер әлеуметтік уақыттың өлшемдері (модус) туралы өз ойымен бөлісті, әлемде жаңа гендерлік тәртіптің қалыптасуы, яғни жаңа әлеуметтіктің тәртіптің пайда болуымен адамның құндылықтық әлеміндегі өзгерістер, оның адамгершілік құндылықтарына орталық диагональ бойынша әсер ететін: Отбасы және көбеюдің өмірлік құндылық формасы ретіндегі рөлі жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Дәл осы отбасы институты кез келген ұлттың құндылықты кодының негізін құрайтынын және де отбасы – жаңа гендерлік тәртіптің әлеуметтік тәуекелдерінің басты объектісі (базалық теориясы гендерлік бейтараптық болып табылатын) екенін атап өтті.

Мастер-класс барысында шақырылған спикерлер қатысушылармен бірге пандемиядан кейінгі кезеңдегі посткеңестік кеңістіктегі индекстерді әзірлеу проблемалары мен әдіснамасына қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button