Жаңалықтар

Қазақ радиосына 100 жыл

Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып бекітілді.

Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып бекітілді.

Қазақ радиосы 1921 жылдың 1 қазанында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен ақпарат тарата бастады. Радионың «Алтын қорында» 1948 жылдан бері жинақталған 100 мыңнан астам аудиожазба бар. Оның 300-ден астамы ноталық қолжазбалар.

Бүгінде Қазақ радиосы 7 тілде хабар тарататын және сағат сайын екі тілде жедел жаңалық жеткізетін елдегі ең ежелгі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ұлт үнжариясы атанған радио тек республикаға ғана емес, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанның шекаралас аймақтарын қамтиды. Кез келген елден онлайн режимде тыңдауға болады.

Бүгін, Радио күні мерекесінде орай аймақтарға радио үнін жеткізуге арналған арнайы Жол картасының бірінші кезеңін іске қосылды. Оның негізінде, бүгіннен бастап 40 ауылға «Қазақ радиосының» үні жетіп отыр.

«Қазақ радиосы» ғасыр бойына халқымыздың ән-жыры мен күйін насихаттап, мәдениетімізді ұлықтап, ел жаңалықтары мен танымдық бағдарламаларын тыңдарманға жеткізіп келеді. Ұлттық радиомыздың арқасында ұлттық руханияттағы қаншама жауһар туындылар санадан ескірмей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Біз алдымызға отандық радиолардың таралу аумағын ұлғайтып, әсіресе алыс шалғай ауылдарға жеткізуді мақсат қойып отырмыз.  Жоспар бойынша алдағы уақытта шегаралас аумақтағы 400-ден астам елді-мекендер «Қазақ радиосы» мен «Шалқар радиосына» қосылатын болады»,- деді мерекелік іс-шарада құттықтау сөзін арнаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button