Жаңалықтар

Француздық «TiJi» балалар телеарнасының контенті қазақ тіліне аударылатын болады

27 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының кеңсесінде Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев француздық «Tiji» балалар телевизиялық арнасының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлемге танымал балалар контентін қазақ тіліне аудару мәселелерін талқылады.

Француз тарапынан кездесуге «M6 Thématique» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье және «M6 Thématique» халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, «ЛТИ Восток» ЖШҚ Бас директоры Мария Жабина-Пантелик қатысты.

Кездесу барысында Асылбек Есенбаев ҚҚДИ-ның қызметі туралы және институт қабырғасында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша әзірленген стратегиялық жоспарлары туралы баяндап берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button