Зерттеулер

Қазақстан халқының саяси бағдарлары

Осы талдамалық баяндама «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының 2021 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген «Қазақстан халқының саяси бағдары» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде әзірленді. Баяндама қазақстандықтардың билік органдарына, оның ішінде ҚР Президентіне, сот жүйесіне, полицияға қатынасы туралы, Қазақстанның саяси партияларына қатынасын бағалауы, сондай-ақ респонденттердің өз саяси көзқарастары туралы әлеуметтанулық ақпараттың кең спектрін алуға бағытталған ауқымды әлеуметтанулық зерттеудің қорытындысы болып табылады. Баяндамада сонымен қатар респонденттердің өзін-өзі бағалауы, материалдық әл-ауқаты, көшуге дайындығы мен өмір сүруге қолайлы әлеуметтік орта туралы мәліметтер келтірілген.

Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің негізгі мақсаты халықтың саяси бағдарларын талдау болды.

Осы зерттеудің техникалық ерекшелігіне сәйкес қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеудің мынадай міндеттерін шешу көзделген:

1. Халықтың түрлі топтарының санасындағы Мемлекет басшысының имиджін анықтау;

2. Билік органдарына сенім деңгейін анықтау;

3. Саяси бағдарлардың негізгі бағыттарын анықтау;

4. Халықтың стратегиялық серіктестерге сенім деңгейін айқындау;

5. Халықтың стратегиялық, экономикалық және саяси аспектілері бойынша неғұрлым «жақын» елдерді анықтау;

6. Саяси-партиялық жүйеге қатынасты анықтау;

7. Халықтың қазақстандық даму моделін қабылдау дәрежесін зерделеу;

8. Тұрғылықты жердегі халықтың негізгі проблемаларын анықтау;

9. Әртүрлі салалардағы өмір сапасын талдау;

10. Халықтың қала мен ауыл өмірінің айырмашылығын қабылдауын талдау;

11. Халықтың білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі сапасын бағалауын анықтау;

12. Халықтың әлеуметтік желілерге қатысу деңгейі;

13. Экономикалық және саяси басымдықтардың үйлесімдігі мен үйлесімсіздігі.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының әлеуметтік демографиялық және өңірлік сипаттамаларын репрезентациялайтын параметрлер бойынша таңдалған 18 және одан жоғары жастағы тұрғындары.

Әлеуметтанулық зерттеудің іріктелген жиынтығы

Іріктелген жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнама 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада жүргізілді. Іріктеме келесі кезеңдер бойынша жүргізілді: облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша халық санына байланысты іріктелді. Бұдан әрі қала-ауыл қағидаты бойынша, яғни іріктеме әрбір облыста қалалық және ауылдық іріктеменің көлемі есептелді. Қалалық және ауылдық іріктеменің көлемі облыстың ерекшелігіне және статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, облыс орталығы, шағын қала және аудан орталығы, сондай-ақ ауыл (ауылдар) бойынша бөлінген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button