Басшы блогыЖаңалықтар

ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев Әзербайжан делегациясының мүшелерімен кездесті

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев Нұр-Сұлтан қаласында XVII Еуразиялық медиа-форумға қатысу үшін Қазақстанға келген Әзербайжан Республикасы делегациясының мүшелерімен кездесті.

Делегация құрамында Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімінің басшысы К.Гасанов, Телевизия және радио жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы А.Исмаилов, Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімі басшысының орынбасары О.Саттаров және «Әзербайжан телевизиясы және радиохабары» ЖАҚ төрағасы Р. Маммадов бар.

Кездесу барысында Асылбек Есенбаев «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ кеңсесінде делегация мүшелерін институт қызметімен, жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аспектілерімен таныстырды.

Тараптар елдер арасындағы ғылыми және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды пысықтау мүмкіндігін қарау туралы уағдаласты.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button