Жаңалықтар

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақтөбеде өңірлерге арналған NEET-жастарды есептеудің жаңа әдіснамасы бойынша оқыту семинарын өткізді

NEET көрсеткіші – жастардың еңбек нарығының әлеуетін өлшеудің маңызды құралы, өйткені ол оқымайтын және жұмыс істемейтін және жұмыссыз деп саналмайтын жастардың бір бөлігін қамтиды. Жыл басынан бері «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен NEET-жастарды есептеудің жаңа әдіснамасын енгізу, осы жастар тобының бірыңғай базасын қалыптастыру және оларды одан әрі әлеуметтендіру мәселелерін кеңінен талқылауда.

«Жастар» ҒЗО NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі республикалық жобалық офиспен бірлесіп ағымдағы жылдың қазан айында өмірлік қиын жағдайларға тап болған жас азаматтарды анықтау және есептеу жөніндегі жаңа әдіснаманы имплементациялауды бастайды. Сонымен қатар жас азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы дайындалуда. Бұл шара NEET жастарына жаңа біліктілік алуға, оқуын жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button