Жаңалықтар

ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады

Отбасы күні аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы қиын өмірлік жағдайдайға тап болған отбасылар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Осы қайырымдылық шарасы шеңберінде дағдарыс орталықтарына, балалар үйіне, аналар үйіне және т.б. көмек көрсетуді жоспарлауда.

Бүгін, 2021 жылғы 18 тамызда аталған қайырымдылық акция шеңберінде «АНАЛАР ҮЙІ» қоғамдық қорына көмек ұйымдастырылды («Нұр-Сұлтан қаласының №1 Аналар үйі», үйлестірушісі А.Ж. Диханова). Аталған қайырымдылық қоры 7 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалардың санын азайту мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келеді. Қор жүктіліктің 3-ші триместрінде немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған және 18 айға дейінгі баласы бар,  баладан бас тартуға ниеттенген жас қыздарға (30 жасқа дейін) көмек көрсетеді. Көмек «Аналар үйінде» тегін тұру, психологиялық көмек көрсету, медициналық көмек көрсету, құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақыларды ресімдеу түрінде көрсетіледі.

Жоба аясында Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметкерлері 19 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының  «№2 Аналар үйіне» барып,  қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Арнайы көмекті Аналар үйінің жетекшісі Гүлнәр Шакироваға табыстады.

Отбасы күніне арналған қайырымдылық акциясы 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғасады. Аталған қайырымдылық акциясы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты қызметкерлерінің қолдау көрсетуімен өткізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button