Жаңалықтар

Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Гранттық конкурсқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Волонтерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қатыса алады.

Волонтерлік ұйымдар ұсынған жобалар волонтерлік қозғалыс күшімен халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.

Конкурс әлеуметтік маңызы бар он волонтерлік жобаны іріктеуге негізделеді. Олардың ішінде – Birgemiz: Bilim, Birgemiz: Qamqor, Birgemiz: Saylyq, Birgemiz: Sabaqtastyq, Birgemiz: Taza Alem, Pro bono еріктілігі, Медиа еріктілігі, автотолтыру, корпоративтік еріктілік және басқа да әлеуметтік волонтерліктер кіреді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді [email protected] электрондық поштасынаа жолдау қажет. Өтінімдер 2021 жылғы 16 тамыздан 6 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды (әр жеңімпазға 500 000 теңгеден 10 шағын грант). Грант алушылардың тізімі а. ж. 23 қыркүйегінде www.kipd.kz. сайтында жарияланады.

Конкурстың толық шарттарымен www.kipd.kz және www.qazvolunteer.kz сайттарында танысуға болады. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7172 796432

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button