ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

Заманауи жастардың негізгі проблемалары мен қажеттіліктері сараптама алаңында талқыланды

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңының кезекті отырысын 2021 жылғы 12 тамызда Халықаралық жастар күніне орайластырып өткізді. Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл жолғы талқылау «Заманауи жастар: проблемалары, қажеттіліктері, тенденциялары» тақырыбы аясында өрбіді.

Коронавирус пандемиясы әлі де жалғасып жатқан әлемде әсіресе жастар түрлі сын-қатер мен проблемаларға кезігіп жүр. Осы ретте, жастардың әлеуметтік, экономикалық және өзге де маңызды бағыттар бойынша қажеттіліктері мемлекет тарапынан қанағаттандырылып келеді. Алайда жастардың орнықты дамып, өзін одан әрі жетілдіруіне қолайлы жағдай жасау үшін жастар арасындағы өзекті тенденциялар әрдайым сараланып тұруы қажет.

Осы ретте, сараптамалық алаңға қатысқан ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. Байманов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Ахметов жастар арасындағы қазіргі проблемалар әрдайым мемлекет назарында және оларды шешу бағытындағы іс-шаралар жалғаса беретінін баса айтты.

Тағы бір айтары, басқосу барысында А. Сакошев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2021 жылы жүргізген «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижесін алғаш рет көпшілікке таныстырды. Зерттеу қорытындысы өткен жылғы нәтижемен салыстырғанда бірқатар өзгеріс көрсеткені анықталды.

Заманауи жастардың негізгі проблемалары мен қажеттіліктері сараптама алаңында талқыланды

Сараптамалық алаңда, сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі Ж. Искакова «Жастардың құндылық бағдары», саясат жөнінде консультант Д. Айкенова «Қазіргі жастардың мінез-құлқының үлгілері», «Jas Otan» ЖҚ төрағасының орынбасары А. Бүркіталин «Жастарды жұмыспен қамту мәселелері» және «Жас Ұлан» РҚБ төрайымы                   Д. Садвакасова «Жастар ортасындағы буллинг және лудомания мәселелері» тақырыптары бойынша өз пікірлерін білдіріп, нақты  ұсыныстарын берді.

«Jastar: ózekti másele» сараптамалық алаңының кезекті отырысы қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері және өзге де қатысушылар тарапынан берілген қолданбалы ұсыныстар тізімі қалыптастырылды.

Іс-шара барлық санитариялық нормаларға сай онлайн және офлайн форматтарда өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button