ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

«Азаматтық алаңда» пандемиядан кейінгі бизнестің перспективалары талқыланды

Бүгін ҚР АҚДМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Ұлықбек Тналиевтің төрағалығымен «Пандемиядан кейінгі бизнес: Қазақстандағы шағын және орта бизнестің перспективалары қандай?» тақырыбында «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға сарапшылар қауымдастық, азаматтық сектор және бизнес өкілдері қатысты.

Талқылауға «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов, кәсіпкер, алғашқы аниме дүкендерінің негізін қалаушы Мирас Иманмадиров, жас кәсіпкер Бауыржан Бексейітов және басқа да белсенді тұлғалар қатысты.

Пікір алмасу барысында орта, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау, ұлттық бренд, қолданыстағы нарықтық тетіктер сұрақтары қаралды.

Сонымен қатар, қатысушылар цифрландыру және тұтынушылардың әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі нарықты өзгертіп отырғандығын атап өтті.

«Пандемия шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге әкелді. Бұл оңай емес кезең бизнеске табыс тауып қана қоймай, адами капиталды дамыту, әлеуметтік функцияларды атқару маңызды екенін көрсетіп отыр.»- деді Ұлықбек Тналиев. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button