Зерттеулер

Қазақстан Республикасы жағдайындағы қайырымдылық жүйесі

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда қайырымдылық қызметі кеңеюде және қатысушылар саны өсуде, осыған орай көмек көлемі де ұлғаюда. Мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» деп жариялаған 2020 жыл азаматтарды игі істер қозғалысының айналасына біріктірді.

Қайырымдылық жеке адамдар немесе коммерциялық ұйымдар тарапынан қоғамдық тигіліктерді қалыптастыруға ерікті түрде үлес қосу деп түсініледі.

Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, пандемия жағдайында елімізде қайырымдылық пен волонтерлік жалпыұлттық масштабқа ие болып, әлеуметтік нормаға айналуда. Президент волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттықты қолдау – мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдығы екенін атап өтті. Волонтерлік қызметпен айналысудың өзі патриотизмнің жарқын көріністерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылы» табысты және ерекше жыл деп атады, өйткені осы жылы қазақстандықтар, оның ішінде қазақстандық жастар жанашырлық, жауапкершілік пен қамқорлық сияқты шынайы асыл қасиеттерді көрсетті. Өткен жылы 100 мыңнан астам адам еріктілер іс-шараларына қатысты. «Birgemiz» жалпыұлттық бастамасы қысқа уақыт ішінде пандемияның қиын кезеңінде мұқтаж жандарға қажетті қолдау көрсеткен қамқор отандастардың басын қосты. Бастама аясында іске қосылған «Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» жобалары жүз мыңдаған азаматтарымызға көмектесті. Өзендерді, ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптау бойынша «Taza Alem» еріктілер қозғалысының әрекеті кең қолдау тапты.1

Осы талдамалық баяндама 2021 жылдың бірінші тоқсанында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен жүзеге асырылған «Қазақстан Республикасы жағдайындағы қайырымдылық жүйесі» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.

Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі мақсаты – халықтың қайырымдылыққа қатысты ұстанымдарын талдау.

Осы зерттеудің техникалық сипаттамасына сәйкес қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеудің мына міндеттерін шешу көзделген:

  • Қайырымдылық жүйесінің елдің даму қажеттіліктерімен сәйкестігін зерттеу;
  • Қайырымдылық қызметінің басым мотивтерін анықтау;
  • Қайырымдылық қызметінің кең таралған түрлерін көрсету;
  • Халықтың қайырымдылыққа қатысу деңгейін анықтау;
  • Қайырымдылық ұйымдарына сенім деңгейін анықтау;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін оятуға бағытталған шараларды анықтау;
  • Осы салада практикалық іс-шаралар қабылдау үшін ұсыныстармен ұсынымдар әзірлеу.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік демографиялық және территориялық сипаттамаларын репрезентациялайтын параметрлер бойынша іріктеліп алынған 18 және одан жоғары жастағы тұрғындар.

Зерттеу пәні: Қазақстан халқының қайырымдылыққа қатысты практикалары мен ғадеттік ұстанымдарының ерекшеліктері.

Әлеуметтанулық зерттеудің іріктемелі жиынтығы

Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнама 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада жүргізілді. Зерттеуде стратификацияланған көп сатылы іріктеу қолданылды. Іріктеу мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылды: іріктеу облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар халқының санын басшылыққа ала отырып жасалды. Бұдан әрі қалаауыл қағидаты бойынша іріктеу – әрбір облыста қалалық және ауылдық іріктеменің көлемі есептелді. Қалалық және ауылдық іріктеменің көлемі облыстың ерекшелігіне және облыс орталығы, шағын қала және аудан орталығы, сондай-ақ ауылдар бойынша статистикалық деректерге сүйене отырыпбөлінген.

 

Қазақстан Республикасы жағдайындағы қайырымдылық жүйесі

Басқа жаңалықтар

Back to top button