Зерттеулер

Ауыл отбасының әлеуметтік портреті

Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы ауыл отбасыларының материалдық жағдайын, әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйін зерттеу.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай негізгі зерттеу міндеттерін шешу көзделеді:

1. Отбасылық өмірге қанағаттану дәрежесін анықтау (отбасының құндылығы, отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал);

2. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды айқындау (материалдық жағдай, тұрғын үй жағдайлары, жұмыспен қамту, табысы);

3. Отбасылық бос уақытты ұйымдастыру, дамуға инвестиция салу, балаларға қосымша білім беру және тәрбиелеу (қосымша білім беру, толыққанды демалыс, ата-аналар мен балалардың бірлесіп уақыт өткізуі) практикасын зерделеу;

4. Инфрақұрылымның даму жағдайына байланысты ауыл отбасының ең өткір проблемаларын анықтау;

5. Ауыл халқының мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болуын зерттеу (мемлекеттік қолдау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, олармен қанағаттануы секілді халықтың ақпараттану деңгейін анықтау);

6. Ауыл отбасы мүшелерінің өз денсаулығының жай-күйіне қанағаттану деңгейін анықтау;

7. Ауыл отбасы өкілдерінің көшіқон көңіл-күйінің сипатын зерделеу (тұрғылықты жерін ауыстыру ниеті, себептері);

8. Эмпириялық мәліметтер негізінде ауыл отбасының әлеуметтік портретін қалыптастыру.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button