Жаңалықтар

«Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» атты көрмесі

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Россотрудничество» өкілдігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» атты көрмесін өткізеді.

 

Көрменің ашылуы: 2021 жылғы 19 маусым сағат 14.00

Көрме 2021 жылдың 19-30 маусым аралығында MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

 

«Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» көрмесі – Екінші дүниежүзілік соғыстың ерекше бетбұрысы болған Сталинград шайқасына қатысушылардың нақты тарихи құжаттары мен куәліктеріне негізделген ерекше экспозиция. Көрмені дайындау барысында Волгоградтағы «Сталинград шайқасы» мұражай-қорығының қызметкерлері экспозицияның негізін құрайтын бірегей мұрағаттардан материалдар жинаған.

Көрмені тамашалау барысында келушілер соғыс жылдарының фотосуреттерімен, құжаттарымен танысып, Сталинград үшін шайқастарға қатысқан сарбаздар туралы деректер жайында  біле алады. Көрмеге сол кезеңдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарламалар мен мақалалар, Кеңес одағы әскерлері соғысқан жерлері карталарының, тарихи афишалардың және фотосуреттердің көшірмелері және тағы басқадай құнды материалдар қойылған.

Көрмені өткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында Ұлы Отан соғысына қатысқан отандастарымыздың ерліктерін есте сақтау және дәріптеу, өз елінің тарихын зерттеп-зерделеуге ұмтылу мәселелері жағынан мүмкін болды.

Көрме 2021 жылдың 19 маусым мен 30 маусым аралығында MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының 2-ші қабатында өтеді. (EXPO жағынан кіруге болады, KАNGO ойын-сауық орталығының жанында).

Аккредитация және байланыс үшін: +7 771 996 4915 (Дана Кубенова)

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button