ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

Қазақстандық жастардың даму индексі туралы талқыланды

2021 жылғы 18 маусымда «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар дамуының индексі» деген тақырыпта пікірталас клубында онлайн коференция өткізді. Конфренфияның модераторы Орталық директоры Аян Сакошев жиынды аша отырып, өздері осы бағытта зерттеулер жүргізгенін баяндады.

Іс-шара барысында осы ғылыми-зерттеу орталығының өкілі Нұрлыбай Наурызбаевтың тарапынан аталған индекс туралы түсініктемелер беріліп, Қазақстан әлемдік рейтингте 2013 жылы – 27 орында болса, 2016 жылы – 61 орынға түскені айтылды.

Онлайн жиынға қатысушы ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі Жанар Төлендинова өз сөзінде жастарды барынша саяси үрдістерге тарту арқылы аталған индекс көрсеткішін жақсартуға болатыны жайлы әңгімеледі.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылығы директорының орынбасары Ерлан Кәрімов экономикалық тұрғыдан жастар мәселелерін талқылай келе, осы жағынан елімізді қалай алға бастыруға болатыны туралы өз ұсыныстарын айтты.

Алматы қаласынан онлайн шараға қатысқан Социология ғылымының PhD докторы Айжан Шабденова өзінің ғылыми зерттеулеріне жүгіне отырып, орталық қызметкерлеріне Жастар дамуының индексін қалай жақсартуға болатыны және оған қатысты көптеген индикаторлар туралы ұсыныстарын айтып өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар сөз сөйлегендерге сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасу болды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басшылығы онлайн отырыста айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді қабылдай отырып, болашақта елеп-ескеріп қана қоймай оларды зерттеулер мен жұмыс барысында пайдаланатындықтарын, әрі мәселенің проблемалық жақтары тиісті құзіретті мемлекеттік органдарға жеткізілетінін айтты.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button