Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға 2021 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін беріледі.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).

Екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең  (1 шілдеден 15 шілдеге дейін).

Биылғы жылдан бастап облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

Толық ақпарат алу үшін АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетіне хабарласуға болады: 8 /7172/ 74-13-47, 74-01-62, 8776-186-10-07.

Басқа жаңалықтар

Back to top button