Жаңалықтар

Дайджест: «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің апталық іс-шаралары

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің осы аптада өткізетін елеулі іс-шараларының кестесімен таныстырамыз.

01-06 маусым

1 маусым

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекеге байланысты Баянауылда «Жас саяхатшылар экскурсиясы» өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Павлодар облыстық өңірлік жобалар орталығының мұрындық болуымен жүзеге асырылатын іс-шара барысында балалар музейлерге саяхат жасап, балалардың өздері дайындаған суреттерден «Алтын сандық» көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Қазақ асханасының ерекше тағамдары» іс-шарасы өтіп, аймақтың бас аспаздары қатысатын бұл шарада бүгінде ұмытыла бастаған «Өрметас», «Үлпершек», «Қарын бөртпе», «Бұжы», «Жаужүрек», «Қарын көмбе» тағамдарын және олардың дайындалу технологиясын көпшілікке қайта таныстырады.

Байланыс үшін:

Нұрия Көбенова (Павлодар облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы), +7 705 268 28 78

 

Шымкентте де Балаларды қорғау күніне орай елеулі іс-шара өтеді. «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» ұранымен ұйымдастырылатын іс-шараға пандемиялық ахуалға байланысты онлайн түрде қатысуға болады. Іс-шара қаладағы Отбасылық балалар кітапханасында өтіп, балалар әдебиетіне қатысты кітаптар талқыланады.

Сонымен қатар, Шымкентте қаланың 2200 жылдығына арналған «Бір қала – бір кітап» акциясы мен Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай  «Шымқала – бақыт мекені» тақырыбында «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқауы жоспарланған. Шымкент қаласының Орталық саябағында өтетін бұл шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Байланыс үшін:

Зауре Оралбаева (Өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі) +7 701 734 66 59.

Өскемен қаласында «Мұражай – өлке тарихы» атты онлайн саяхат өтеді. Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында орналасқан мұражайларды көпшілікке таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын шара барысында алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармаларын насихаттауға арналмақ.

Байланыс үшін:

Зәуре Оралбаева (Өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі) +7 701 734 66 59

 

2 маусым

Елімізде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Мереке қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік жобалар орталығы Мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлымен онлайн кездесу ұйымдастырмақ.

Айта кетейік, өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап поэзия әлеміне араласа бастаған Алмас Ахметбекұлы қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын. 1961 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 жылы Іле педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды.

Автордың елге, жерге деген сағыныштан жұдырықтай жүректі жарып шыққан «Көк тудың желбірегені» – рухты оятатын нағыз патриоттық ән.

Ән 1999 жылы шыққан. Әннің әуенін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші Ермұрат Зейіпхан жазған. Алғаш рет әнді опералық мәнерде Майра Мұхамедқызы орындаған. Қазір оны әнші Ибрагим Ескендір нақышына келтіріп орындап жүр.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беруді көздейтін іс-шара барысында кез келген адам жазушыға өз сауалдарын жолдай алады. Онлайн кездесу ZOOM платформасында өтеді.

Байланыс үшін:

Анар Серғазинова (ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы» Ақпараттық-талдамалық бөлімінің жетекшісі) +7 777 981 2497, 8-7232 25 04 65

 

Ақтау қаласындағы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында» еліміздің жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген «Есей қорымы» ескерткіші туралы іс-шара өтеді. Аймақтың жүзден астам тарихшылары мен зерттеушілерінің басын қосатын бұл шарада «Қазақстанның  киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ескерткіш туралы халыққа барынша ақпарат жеткізу көзделген.

Байланыс үшін:

Мереке Боранова («Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетекшісі) +7 702 593 9817

маусым

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Жер, адамға тағзым» ет кеші өтеді. Қазақсанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналатын фестивальда мектеп оқушылары ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқиды.

Айта кетейік, Олжас Сүлейменов «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының басында болып, Семей полигонының жабылуына себепкер болды. Сонымен қатар, 1961 жылы әлемдегі алғашқы ғарышкердің ұшуына арналған өлең жазып, «Адамға табын, Жер, енді» атты поэмасы күллі әлемге әйгілі болды.

Фестивальға 2000 адам қатысады деп жоспарлануда.

Байланыс үшін:

Анар Серғазинова (ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы» Ақпараттық-талдамалық бөлімінің жетекшісі) +7 777 981 2497, 8-7232 25 04 65

           

4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтаудың Абай атындағы мәдениет үйінде «Ұлт тірегі – рәміздер» атты іс-шара өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өтетін бұл шараға 300-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Байланыс үшін:

Мереке Боранова («Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетекшісі) +7 702 593 9817

Басқа жаңалықтар

Back to top button