Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» аясында демеушілер 7000 нысандарды салды және қайта жөндеуден өткізді

Бүгін, 12 сәуірде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 4 жыл толды. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 123 мың іс-шара өткізілді.

Қазіргі таңда бағдарламаның алты бағыты бойынша 17 арнайы жоба іске асырылуда, өңірлік жобалық кеңселердің жұмысы жандандырылды, талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі жолға қойылды. Бағдарламаның 3 негізгі құндылық бағыты бекітілді: «Тұлғалық даму», «Ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру», «Мемлекетті, азаматтық қоғамды және жергілікті қоғамдастықты дамыту».

Бағдарламаны іске асырудың 4 жылы ішінде демеушілік қаражат есебінен 7000 әлеуметтік нысан салынды. Осы бағытта өңірлік инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға 13 мыңнан астам меценаттар қатысты. 4 жыл ішінде елдегі қайырымдылық мәдениеті бағдарлама аясында жаңа серпін алды. «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында жалпыұлттық маңызы бар танымал орындар мен нысандар тізімі кеңейтілді. Қазақстанның киелі нысандарын бүкіл әлемге таныту мақсатында BBC World News телеарнасының қатысуымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі кесенелері фильмдері», «Күлтегін. Жаңа көзқарас» фильмдері түсірілді. Фильмдер әлемнің алты тіліне аударылып, 700 млн. астам көрермені «BBC World News», «Discovery», «Viasat history», «National Geographic» телеарналарында көрсетілді.

Сонымен қатар, «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша кітаптар мемлекеттік тілге аударылып, еліміздің 132 жоғары оқу орны білім беру процесіне енгізілді. Барлық аударылған оқулықтар жобаның www.100kitap.kz ресми сайтында электронды форматта жарияланды. Аударылған 100 оқулық аясында бүгінде 88 мыңнан астам қолданушы тіркелген www.OpenU қазақ және орыс тілдерінде бейне курстар орналастырылды. Сондай-ақ, халықаралық қоғамдастықпен байланысты нығайту мақсатында Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия, Швеция және басқа да елдердің ұлттық кітапханаларында 34 қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында бірқатар шет елдерде еліміздің тарихи-мәдени мұрасын әлемде ілгерілетуге зор үлес қосып келе жатқан Қазақстанның мәдени орталықтары ашылды.

Әлемде орын алған өзгерістерді ескере отырып, Бағдарламаға бірқатар жаңа арнайы жобалар енгізілді: «Үнем – қоғам қуаты» – прагматикалық өмір салтын енгізу, «Дәстүр мен ғұрып» – ұмыт болған, бірақ қазіргі уақытта өзекті дәстүрлерді жаңғырту, «Құқықтық мәдениет» – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Еңбек – елдің мұраты» – өнімді еңбекті ынталандыру, өскелең ұрпақ арасында еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау.

2021 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қоғамдық сананың ұлттық жаңғырту кезеңіне өту бойынша жол картасы форматына көшті. Жол картасының іс-шаралары мен жобалары халықтың жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалды және 3 негізгі құндылық бағыты бойынша, сондай-ақ бағдарламаны ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және ақпараттық сүйемелдеу бойынша бөлімдерге топтастырылды.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тиімділігі» тақырыбына жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша бағдарламаның алты негізгі бағыты бойынша қоғамда орнықты көзқарастар қалыптасқаны байқалады. Бәсекеге қабілеттілікті цифрлық сауаттылықты және шет тілдерін меңгеру қажеттілігімен байланыстырады (53,6%), прагматизмді өз қаражатымен өмір сүру және өз болашағын жоспарлау қабілетімен (73,2%), білімнің салтанат құруын оқуда және жоғары білімдегі еңбекқорлықпен (58,3%), ұлттық бірегейлікті сақтауды тарихты құрметтеумен және біртұтас ұлтқа жату сезімімен (71,4%), эволюциялық дамуды заң мен азаматтық парызды сақтаумен (77,8%), ал сананың ашықтығын өзгерістерге дайындықпен және үнемі өзін-өзі жетілдірумен (59,5%) байланыстырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button