ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

Асылбек Есенбаев «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Асылбек Есімқанұлы Есенбаев «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Асылбек Есенбаев – білімі бойынша экономист, 1998 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның Даму институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. «Стратегия» талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты секілді ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет жасады. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басқарма басшысы болып қызмет атқарды. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button