Жаңалықтар

Аида Балаева: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижесі санмен емес, сапамен өлшенеді

«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналып, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Бағдарламаның 4 жылдық қорытындысын, құндылықтарын айтып өтті.

Назарларыңызға Аида Ғалымқызының «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасына берген сұхбатының қысқаша үзіндісін ұсынамыз.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бір жылдық, бес жылдық деп кезеңге бөлуге болмайды. Бұл кешенді түрде тұрақты жүзеге асуы тиіс бағдарлама. Оның нәтижесі санмен өлшенбейді, сапалы болуы тиіс.

– Ең бастысы, Бағдарламаның мәнін және мазмұнын түсіну керек. Мұның негізі, әр адамның бәсекеге қабілеттілігінде жатыр. Бәсекеге қабілетті адам бәсекеге қабілетті қоғамды құрайды. Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі құндылығы осыда.

– Президентіміздің үнемі айтып жүргеніндей, біз прагматизмді бойымызға сіңіруіміз керек. Яғни, көл-көсір мерекелерден, ұлан-асыр тойлардан бас тартуымыз қажет.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аралық жетістіктері туралы айтқанда, мұнда сандық көрсеткіштерге сүйенудің қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің сана-сезіміміздің өзгергені, қоғамның тұрақты сапалы дамуы. Мұнда әр қазақстанның үлесі зор.

– «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға үлкен үлесін қосып жатқан азаматтарды көрсету. Біз сол жобаның төртінші кезеңіне жол аштық. Өзінің еңбегімен, табандылығымен жетістікке жетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген замандастарымызды халыққа танытуымыз керек.

– Латын әліпбиі тілімізді жаңғырту үшін өте маңызды. Әлемдегі 7 млрд халықтың 4 миллиарды латын әліпбиін пайдаланады. Бұл тілімізді ғылымда және басқа салаларда  әлемге таныту үшін жақсы мүмкіндік.

– Қазақты басқа ұлттан айрықша ететін басты құндылықтарымыз – ана тіліміз, дәстүріміз, дініміз бен діліміз. Осыларды сақтасақ, біз ұлт ретінде дамимыз. Мұның барлығы отбасыдан басталады.

Сұхбаттың толық нұсқасы төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=sMY_r4i0ArY

0:10 – Сұхбаттың қысқаша андатпасы

1:05 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуы, орындалуы жайлы.

4:38 – Бағдарламаның түсіндіру жұмыстары туралы

5:51 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аралық нәтижелері.

14:07 – Латын әліпбиіне көшу мәселесі.

16:35 – Ұлттық бірегейлігімізді сақтау туралы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button