ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

Қорғаныс министрлігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша дәріс өткізілді

«Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында дәріс оқыды.

«Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Боқанова Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту туралы айтып берді. Спикер болашағы біртұтас ұлтты қалыптастырудағы құндылықтартың басты бағдарлары мәселелерін қозғады.

Өз кезегінде, Қоғамдық процестер орталығының жетекшісі Гаухар Мысаева Қазақстандағы және әлемдегі қоғамдық-саяси процестердің сұлбасы, олардың жай-күйі мен келешегі туралы дәріс оқыды. Атап айтқанда сарапшы Беларусь, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Польша, Израиль және тағы басқа елдердегі заманауи үдерістер талдады.

Отбасын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышева Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы айтып берді. Нақты айтқанда, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру және оған азаматтардың белсенді қатысуы, цифрландыру мәселелері, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы айтылды.

Дәрістер ҚР Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша басшылар мен офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны аясында өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button