ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренинг өтті

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды.

Мақсұт Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің «Құқық қорғау қызметі» бағдарламасының жетекшісі Оксана Возняк Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді. Семинар-тренингке дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мұғалімдері мен студенттері қатысты.

ҚР ІІМ деректері бойынша, 2020 жылдың соңғы 6 айында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың саны 21,3 процентке өскен екен. Осы орайда елімізде адам саудасының құрбандарына арналған орталықтарды қосқанда барлығы 38 дағдарыс орталығы жұмыс істейтіндігін атап өту қажет. Мұнда зардап шеккен әйелдерге пана беруден бөлек, психологтардың, заңгерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің көмектері көрсетіледі.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» әлеуметтік акциясы – жыл сайынғы халықаралық науқан. Ол 25 қарашада, яғни Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсан –Адам құқықтары күніне дейін жалғасады. БҰҰ мәліметтері бойынша, коронавирустық пандемияға карантин шаралары енгізілгеннен кейін көптеген елдерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өршуі күрт өскен және әйелдер отбасылық зорлық-зомбылыққа жиі тап болуда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button