ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау және жобаны ілгерілету бойынша тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ оның әдістемелік және зерттеу негіздерін нығайту.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – «Zertteý» жобасын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп жүзеге асыру. Аталған жобаның мақсаты – жас сарапшыларды, оның ішінде жоғары оқу орындарындағы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде тарту арқылы жастар саясаты саласындағы зерттеу бағытын кеңейту.

«Zertteý» жобасының негізгі міндеттері – өзекті тақырыптарда конференциялар өткізу, студенттермен орталықтың зерттеу мәліметтерін бөлісу, ғылыми мақалаларды орталықтың сайтында жариялау, тағылымдамадан өтушілерді қабылдау, орталық қызметкерлерімен бірлесе зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру. «Zertteý» жобасын іске асыру нәтижесінде жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталасы артпақ, ал бұл жалпы елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтуға ықпал етпек.

Осы таңға дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері қазірдің өзінде жастар саясаты тақырыбын зерттеуге кірісіп кеткен. Атап айтқанда, Халықаралық қатынастар факультетінің бес магистранты және бакалавриаттан екі студент жастар саясаты саласында ғылыми жұмыстарын жүргізуде.

Меморандум күшіне енді және ол екі жыл бойы күшінде болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button