Жаңалықтар

ҚҚДИ оқыту бағдарламасына сәйкес вебинар өткізді

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауап беретін түрлі халық санаттарына, мемлекеттік органдар мен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офис қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасына сәйкес вебинар өткізді.

Оқытудың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын, құндылықтары мен қағидаттарын тұтас түсінуді қалыптастыру және қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы білім деңгейін арттыру.

Оқытудың негізгі мазмұны сананың ашықтығы, реализм мен прагматизм, тәуелсіз сыни ойлау, білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру қағидаттары тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

Бағдарлама 3 модульден (I модуль«Рухани жаңғыру бағдарламасы туралы негізгі білім»II модуль«Өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру»III модуль«Рухани жаңғыру бағдарламасын насихаттаудың soft skills дағдыларын дамыту») тұрды.

Вебинарларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жауапты, жалпы өңірлік жобалық офистерден, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардан, халықтың әртүрлі санаттарынан (мұғалімдер, тәлімгерлер, мектеп психологтары, университет пен колледждердің оқытушылары және құқық қорғау органдарының өкілдері) 300-ден аса өкіл қатысты.

Вебинарларды «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ сарапшылары мен қызметкерлері жүргізді. Оқыту барысында Бағдарламаны іске асыруға арналған жаңа арнайы жобалар мен оны іске асырудың тетіктері таныстырылды.

Сабақтар қашықтан ZOOM платформасы арқылы 2020 жылғы
17 қыркүйек – 29 қазан аралығында өтті. Қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Атап кетер болсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Өзгерістердің саруарлары» жобасы аясындағы әлеуметтік жобалар акселераторының вебинары 2020 жылдың 13 қарашасына дейін жалғасады.   

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button