Оқиғалар кестесі

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «ENACTUS Kazakhstan» қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «ENACTUS Kazakhstan» қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жастардың жаңа буынын даярлау және тәрбиелеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Алдағы уақытта әріптестік келісім аясында дәрістер, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. «Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошевтің айтуынша, ынтымақтастықтың басты мақсаты – жастарды қолдай отырып, қоғамдық сананы жаңғырту.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық қоғамдық даму институты мен ENACTUS қорының қызметі бір-біріне өте ұқсас, әрі мақсаты бір. Сондықтан, бұл Меморандум қос тарапқа да өте тиімді болады деп ойлаймын. Шын айтқанда, студент университетті бітіріп, еңбек нарығына кірген кезде өмірдің барлық жағдайына дайын болуы керек. Осыған байланысты бүгінде жастардың басым бөлігі бизнеспен айналысқысы келетінін көріп отырмыз. Бұл мемлекеттік институттарға да тиімді. Өйткені жаңа жұмыс орындары ашылып, ел экономикасының деңгейі көтерілмек. Сайып келгенде, бізге осындай жас кәсіпкерлерге бірлесіп көмектесу маңызды», – деді Аян Сакошев. 

Айта кетейік, ENACTUS – әлемнің 37 елінде көшбасшылық пен кәсіпкерлікке тәжірибе арқылы үйрететін ірі платформа. Жыл сайын ұлттық байқаулар ұйымдастырып, соның аясында ЖОО және мектептердің бизнес-командалары 100-ден астам жобаларды ұсынып отырады. Жобалар әлеуметтік, экологиялық, инновациялық және коммерциялық бағыттарға арналған. Қордың миссиясы – инновацияны түсіне алатын, кез келген қиындықтан жаңа мүмкіндіктерді көретін және өмірді жақсарту үшін бизнес принциптерін пайдалана алатын көшбасшы-кәсіпкерлердің жаңа буынын даярлау және тәрбиелеу. ENACTUS қорының президенті Альбина Ержанованың айтуынша, Меморандум тиімді жастарды тәрбиелеуде жаңа серпін болуы тиіс.

«Меніңше, қоғамдық сананы адами капиталды сапалы дайындау мен дамыту арқылы жаңғыртуға болады. ENACTUS аясында біз әлемдік бәсекелестік ортада жастардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдаумен және дамытумен айналысамыз. Осы орайда, бизнес саласындағы үздік тәлімгерлер жастарға әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға көмектесетін болады», – деп қорытындылады Альбина Ержанова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button