Жаңалықтар

ҚҚДИ әлеуметтанушылары Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың жетінші өлшемін өткізді

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық әлеуметтік даму институты 2020 жылдың 1 мен 14 тамызы аралығында елдегі қоғамдық-саяси жағдайды зерттеу мақсатында бүкіл ел бойынша азаматтардан сауалнама жүргізді.

Сауалнама қазақстандықтардың әлі де әлеуметтік-экономикалық мәселелерге: бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасының өсуіне және табыс деңгейінің төмендігіне, жоғары бағаларға және медициналық қызмет көрсету сапасының төмендігіне алаңдаушылығын көрсетті.

Сондай-ақ, жетінші өлшеу қазақстандықтардың экологиялық жағдайға қатысты толқуларының өсуін тіркеді – соңғы өлшемдегі көрсеткіш төмендегеннен кейін оның өсімі қайтадан 55,3% дейін өсуі тіркелді.  Осылайша, ел халқының жартысынан көбі тұрғылықты жердегі экологиялық мәселелерге алаңдаушылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button