ЖаңалықтарОқиғалар кестесі

АНОНС: Сарапшылар ҚР Президенті Жолдауының негізгі ойларын талқылайды

Өтетін уақыты: 3 қыркүйек, 2020 жыл.

Тіркеу: сағ. 14:30

Басталуы: сағ. 15:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 6 қабат, мәжіліс залы.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» ҚеАҚ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді ҚР Президентінің халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылауға шақырамыз.

Шараға «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ басқармасының төрағасы Данияр Есин, ҚР Президентінің жанындағы ҰҚСК мүшесі Марат Бәшімов, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ вице-президенті Жақсылық Сәбитов, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университеті музейінің директоры Изат Мелдешев және сарапшылар қоғамы мен ғылыми-зерттеу құрылымдарының өкілдері қатысады. Қатысушылар арасында танымал заңгерлер, балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенциялар, танымал қоғам қайраткерлері және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері бар.

Аккредитация және тіркелуге байланысты Коммуникация басқармасының пресс-менеджері Әзиз Жұмаділге +7 777 734 88 10 телефон нөмірі бойынша немесе [email protected] электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button