Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясына қатысты

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкерлері Ұлттық волонтерлар желісі» ЗТБ-мен бірге «Біз біргеміз» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ қызметкерлері автоволонтерлердің қызметін атқарып, мұқтаж жандар мен тұрмыстық қиын халге ұшыраған жандарға азық-түлік жеткізді.

Айта кету керек, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ қызметкерлері әртүрлі қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, «Біз біргеміз» акциясын әрдайым қолдап келеді.

– Биыл Волонтер жылы деп жарияланған. Сондықтан, ел көлемінде еңселі шаруалар атқарылып, «Біргеміз» ұранымен өтіп жатқан 2020 жыл жылылық пен өнегелі істерге толы болады деп сенеміз. Волонтер деген жай ғана сөз болып қалмауы керек. Әр қазақстандық бірігіп, бір-біріне көмектесу арқылы берекеміздің зор екенін дәлелдеуіміз қажет, – деді «Жастар» Ұлттық-ғылым орталығы директорының орынбасары Элина Паули.

Айта кетейік, «Біз біргеміз» акциясы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, коронавирус кезеңінде зардап шеккен әлеуметтік жағдайы төмен жандарды қолдауға арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button